
Қорғалжын ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі елді мекендерді аралап, су басу қаупі бар аумақтардың жағдайымен танысты.
Тексеру барысында қауіпті учаскелер анықталып, су бұру жүйелерінің жұмысы зерделенді. Сонымен қатар, жауапты мекемелерге тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, қажетті техникалар мен арнайы құралдарды толық дайындыққа келтіру тапсырылды.
Аудан әкімі тиісті сала басшыларына су басу қаупі жоғары көшелерде алдын алу шараларын күшейтіп, тұрғындарға дер кезінде көмек көрсетуді қатаң бақылауға алуды жүктеді.
Қазіргі уақытта аудан бойынша қар шығару, арық-атыздарды тазалау, су өткізу жолдарын ашу жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.