Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 399 «Әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығын орындау үшін 2025 жылғы 10-13 қараша аралығында Қорғалжын ауданында аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен кездесулері өткізіледі.
Бұдан басқа, аудан, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдері тұрғындармен кездесулер өткізгеннен кейін, азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыратын болады.
Өткізілетін орны мен уақыты туралы сіз бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желілер арқылы алдын ала хабарланатын боласыз.
Қорғалжын ауданы әкімінің аппараты