2025 жылғы 16 қыркүйек күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.
Семинарға ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері, дербес бөлім басшылары және мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған мамандар қатысты.
Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін талдау бөлімінің басшысы Жұмабек Д.Г. арнайы қатысып, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер мен жаңашылдықтар туралы кеңінен ақпарат берді.
Семинар барысында қатысушыларға:
Қызмет көрсету сапасын арттыру жолдары,
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіндегі өзгерістер,
Цифрлық форматтағы жаңа талаптар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар семинардан пайдалы ақпарат алып, өз салаларында қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында нақты ұсыныстар мен әдістемелік көмекке ие болды.