Сабынды ауылында "Қызмет алушы күні" өтті

Сабынды ауылында "Қызмет алушы күні" өтті

Бүгін Сабынды ауылында "Қызмет алушы күні" өтті.

Іс-шара барысында азаматтарға бірқатар сала мамандары қоғамдық қабылдау өткізіп, өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, қабылдау жүргізгендер:

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
 Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі;
 Білім бөлімі;
 Аудандық аурухана өкілдері;
 Ветеринариялық инспекция мамандары.

 Тұрғындар тарапынан нақты сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан жан-жақты жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Мұндай ашық форматтағы кездесулер халық пен билік арасындағы тиімді байланыс орнатуға, сондай-ақ өзекті мәселелерді жедел әрі сапалы шешуге ықпал етеді.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Қызмет алушы күні" алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұрады.