Наурыз мейрамын Ақмола облысында жаңа форматта атап өтеді

Наурыз мейрамын Ақмола облысында жаңа форматта атап өтеді

Наурыз мейрамын Ақмола облысында жаңа форматта атап өтеді

Биыл Ақмола облысында Ұлы мереке – Наурыз мейрамы жаңаша, ерекше нақышта тойланады.
Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігі аясында әр күн белгілі бір тақырыпқа арналады.
14 наурыз – «Көрісу күні» («Амал» мерекесі) дәстүр бойынша көршілерге сәлем беретін уақыт. Бұл күні алғаш рет Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысының мәдениет майталмандары ұжымдары облыс шекарасы аумағында кездесу өткізеді.
15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай облыстық мәдениет мекемелері мүмкіндігі шектеулі жандарған арналған қайырымдылық концерттерін өткізеді.
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне Әдебиет және өнер музейі сағат 10.00-де «Ақ бата – асыл мұра» батагөйлер байқауын өткізеді.
17 наурыз – Шаңырақ күніне орай облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы «Атам мен әжем» облыстық байқау-фестивалін ұйымдастырады.
Наурызнаманың 18 наурыз – Ұлттық киім күні ұлттық киімдерді, ұлттық құндылықтарды танымал ету мақсатында «РИО» сауда ойын-сауық орталығында open space креативті алаңында жетекші дизайнерлердің қатысуымен «Балқадиша» ұлттық киімдер шеруі (дефиле) өтеді.
19 наурыз – Жаңару күні. Тарихшы мамандар тарих ғалымдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректоры кеңесшісі Аманбай Асылбайұлы, тарих ғалымдарының магистрі Ғалымтай Мәлікұлы қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.
20 наурыз – Ұлттық спорт күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Атадан ұл тумайды ондай сабаз» атты ұлттық ойындардан шеберлік сағаты, әлемдік күнтізбелерді зерттеген кеңестік ғалым Мыңбай Ысқақовқа арналған «Халық жыл санауының тарихи негіздері және ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Қажымұқан» спорттық-сауықтыру кешенінде «Жүзден жүйрік» атты ұлттық ойындардан жарыс (асық, тоғызқұмалақ) өтеді.
21 наурыз – Ынтымақ күніне орай мәдениет мекемлерімен жақын және алыс шетелдердің жетекші шеберлерінің тікелей эфирде құттықтау мерекелік эстафетасы ұйымдастырылады.
22 наурыз – Жыл басы күні Көкшетау қаласының алаңдары жаңа нақышта безендіріліп, алғаш рет 3 ауыл тігіледі: қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын Біржан Салдың 190 жылдығына арналған БІРЖАН САЛ АУЫЛЫ, қазақтың халық композиторы, атақты палуан, спортшы Балуан Шолақтың 160 жылдығына арналған БАЛУАН ШОЛАҚ АУЫЛЫ және ҚОЛӨНЕРШІЛЕР АУЫЛЫ.
23 наурыз – Тазару күні облыс төңірегінде жалпыұлттық экологиялық акциясы өтеді.