БЕКІТЕМІН
Ақмола облысы ішкі саясат
басқармасының басшысы
_____________ А. Алин
«____»_______2024 жыл
«QAZ TECH»
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН
ОБЛЫСТЫҚ ІТ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ
ЕРЕЖЕСІ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
- Осы Ереже «QAZ TECH» қазақ тілін қолдауға арналған ІТ жобалар байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу қағидаларын анықтайды, байқауға қатысу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін белгілейді.
- Байқаудың мақсаты – Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді насихаттайтын маңызды және пайдалы жобаларды, бастамалар мен практикаларды анықтау және оларға қолдау көрсету.
БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
- «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
- Қазылар алқасының құрамын Басқарма анықтайды, бекітеді. Сандық құрамы үш адамнан аспауы тиіс.
- Байқауды өткізу туралы хабарландыру өткізілетін жылдың І тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және ұйымдастырушы органның, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.
БАЙҚАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
- Байқауға мемлекеттік тілдің қолданылу аясын арттыруға бағытталған жаңа ІТ жобалар ұсынылады. Жобалар іске қосылмаған, ешқандай БАҚ беттерінде (әлеуметтік желілерді қоса алғанда) жарияланбаған болуы тиіс.
- Байқауға қатысу үшін өтінім осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық нұсқада растайтын құжаттармен (бар болса), фото және бейнематериалдармен қоса комиссияға беріледі.
- Комиссияға ұсынылған өтінімдер, құжаттар (бар болса), фото және бейнематериалдар қайтарылмайды.
- Конкурстық комиссия төмендегі критерийлерді ескере отырып, жобаларды бағалайды:
- жобаның өзектілігі;
- қолжетімділігі;
- нәтижелілігі.
- Байқауға ІТ мамандар, бағдарламашылар және осы салада білім алып жүрген студент жастар қатыса алады. Жоғарыда аталған талаптар бойынша байқау материалдары 2024 жылдың 5 маусымына дейін Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына тапсырылуы қажет (Көкшетау қ., Қ.Сәтпаев көш., 1Б).
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
- Байқауды өткізу мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереді, азаматтық институттардың жауапкершілігін арттырады, халықтың тіл саясатын іске асырудағы белсенділігін күшейтеді. Әрбір адам азаматтық парызын абыроймен атқаруға, патриоттықсезімдерін дамытуға қадам жасайды.
- Байқау жеңімпаздары Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.
Мекенжайымыз: Көкшетау қ., Қ.Сәтбаев көшесі, 1 Б, 3-қабат, 353 кабинет.
Туындаған сұрақтар бойынша 8 (7162) 25-81-09, 707-202-14-22 (Мөлдір Әуелбекқызы) нөмірлеріне хабарласып, қосымша ақпарат алуларыңызға болады (Тілдерді дамыту және ономастика бөлімі).
қосымша
«QAZ TECH»
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН
ОБЛЫСТЫҚ ІТ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНА
ҚАТЫСУ ӨТІНІМІ
1.
|
Жобаның авторы туралы қысқаша ақпарат (толық аты-жөні, жасы, жұмыс/оқу орны және т.б.)
|
|
2.
|
Жобаның бағыты:
-мемлекеттік тілді үйрету саласындағы үздік жоба
|
|
3.
|
Жобаның атауы
|
|
4.
|
Жобаның мақсатты аудиториясы
|
|
5.
|
Жобаның нәтижелілігін сипаттау
|
|
6.
|
Растайтын құжаттар
|
|
7.
|
Жоба авторының байланыс телефондары
|
|