Интернет алаяқтықтың түрлері және олардың алдын алу шаралары

Интернет алаяқтықтың түрлері және олардың алдын алу шаралары

Ақмола облысы Қорғалжын ауданының прокуратурасы ауыспалы абоненттік нөмірлердің заңсыз пайдалануға байланысты интернет-алаяқтық фактілерінің жиіелеп кеткені туралы ескертеді. Мәселен, банктің немесе полицияның өкілдері азаматтардың ұялы телефондарына қоңырау шалып, банк клиентінің картасынан рұқсатсыз аударым туралы хабарлайды. Заңсыз банктік операцияны бұғаттау мақсатында оның пластикалық картасының артқы жағындағы CVV кодын нақтылау және телефон номеріне жіберілген СМС кодты айту ұсынылады. Болашақта карта туралы алынған мәліметтер іс жүзінде пайдаланушының карточкалық шотынан немесе депозитінен ақша жымқыру үшін қолданылады. Оған қоса, қазіргі таңда интернет алаяқтықтың ең танымал түрлерінің бірі, «Whatsapp», «Telegram» мессенджерлары арқылы сілтемелерге кіру не қосымшаларды жүктеуді сұрау арқылы сіздің ұялы телефоныңызға рұқсат алады. Аталған қосымшалар мен сілтемелер көп жағдайда жеңіл ақша табу, ақшаны еселеу, онлайн казино, букмекерелік ставка және т.б. тақырыптар арқылы қызықтырады.

Құрметті Қорғалжын ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Аудан прокуратурасы міндетті түрде, CVV кодты немесе ұялы телефонға келген банктік кодты айтпауды, күдікті қосымшалар не сілтемелерге кірер алдында, оның сенімділігіне көз жеткізуді сұрайды. Егерде сізге немесе сіздің жақындарыңызға ұқсас әрекеттер жасалса, «102» телефоны бойынша полицияға немесе аудандық прокуратураның сенім телефонына 8(71637)2-16-51 дереу хабарлауды сұраймыз немесе Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Күмісбеков көшесі , 33 ғимарат мекенжайы бойынша аудан прокуратурасына келу қажет.

Қорғалжын ауданының прокуратурасы