Меню

Акимат города Кокшетау

Кокшетау – город, расположенный в северном Казахстане, на берегу озера Копа. С 1999 года является административным центром Акмолинской области. Официальной датой основания города считается 1824 год.
Аппарат акима города Кокшетау осуществляет руководство в сфере информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности акимата и акима города.

Адрес 020000, Республика Казахстан, г. Кокшетау, улица Ауэзова,141
Канцелярия + 7 (7162) 29-78-12, 29-78-14
Телефон общественной приемной + 7 (7162) 29-78-00
Телефон доверия + 7 (7162) 29-78-05
e-mail
KOKSHETAU_KANZ@AQMOLA.GOV.KZ
e-mail пресс-службы 7162akimdigi@mail.ru
1
Страницы
Документы
Аппарат акима
Пресс-центр
Контакты
Деятельность
gov@nitec.kz

Көкшетауда карантин қайта күшейтілді:

Көкшетауда карантин қайта күшейтілді:

Қала сыртына 5 санитарлық пост қойылды

15 маусымда кешкi сағат 20.00-ден бастап Көкшетау қаласындағы 5 санпосттың жұмысы қайта жанданып, қалада карантин шектеу шаралары күшейтiлдi. Ақмола облысының бас санитарлық дәрiгерi Айнагүл Мусина қала тұрғындарына осындай шұғыл мәлiмдеме жасады. «14 маусымдағы жағдай бойынша облыста коронавирус инфекциясын жұқтыруға қатысты 199 жағдай тiркелдi, оның төртеуi қайғылы аяқталды. Облыс орталығында жағдай күрделене түстi. Мониторинг тобының жұмысы тұрғындардың өзi мен туыстарының денсаулығына немқұрайды қарайтындығын көрсеттi. Жаппай отбасылық шаралар — туған күн, үйлену тойы, кiсiнiң жылын беру, жерлеу рәсiмдерi тәрiздi шаралардың өткiзiлетiндiгiн көрсеттi. Санитарлық эпидемиологиялық талаптарды орындамайтын кәсiпорындар да бар.

Барлық жағдай бойынша әкiмшiлiк шаралар қолданылуда», — делiнген хабарламада.

Соңғы аптада Көкшетау қаласы бойынша қауiптi вирус жұқтырғандар саны 80 пайыздан асып, 42 адамды құрады. Оның iшiнде ауру белгiсi барлар — 15, ауру белгiсi бiлiнбейтiндер — 27. Еске сала кетейiк, симптомы жоқтар — оларда аурудың жөтелу, дене қызуының көтерiлуi сияқты өзге де белгiлерi бiлiнбейдi. Алайда, зерттеу қорытындысы оң нәтиже берiп, олардың вирусты белсендi тасымалдаушы екенiн көрсеттi. Бүгiнгi таңда Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерiнiң жұқпалы аурулар бөлiмшесiнде 49 адам, провизорлық станционарында 63 науқас емделiп жатыр. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шараларын қайта күшейту туралы шешiм шығарылды. Айталық, 15 маусым күнi кешкi сағат 20.00-ден бастап Ақмола облысының бас санитарлық дәрiгерiнiң қаулысы күшiне ендi. Көкшетау қаласының айналасындағы 5 санпост қалпына келтiрiлiп, азық-түлiк және тұрмыстық химия, азық-түлiк емес тауарларды сататын сауда орындарының, спорттық нысандар, қоғамдық тамақтану кәсiпорындары мен дiни мекемелердiң жұмысы шектелдi. Бұл шаралар коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және тұрғындардың денсаулығын сақтау үшiн қажет. Бұған түсiнiстiкпен қарауды және жеке қауiпсiздiк шараларын сақтауды сұраймыз. Үйден шығуды шектеу, маска тағу, қолды антисептикпен жуу, қашықтықты сақтау және адамдар көп жиналатын орындарға бармау қажет», — делiнген Ақмола облысының бас санитарлық дәрiгерiнiң шұғыл хабарламасында.

«Көкше-ақпарат».

Дата публикации
29 June 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
facebook
youtube
instagram
Меню подвал
Цели устойчивого развития
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Виртуальная Приемная
Государственные символы РК
Сайт Парламента РК
Открытое Правительство
Законодательство
Структура Правительства РК