Ақжол Болатұлы Қылышбаев Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Ақжол Болатұлы Қылышбаев Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Ақжол Болатұлы Қылышбаев Көкшетау қаласы әкімінің өкімімен Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ақжол Болатұлы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Ондiрiс ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.

Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында және Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінде бас маман лауазымдарын атқарған.

Әр уақытта энергетика басқармасының құқықтық бөлімін және энергетика және жылумен жабдықтау нысандары бөлімін басқарған.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары болған. Өткен жылы Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарған.