Ұлттық стандарттау жөніндегі орган қашықтықтан оқыту форматындағы 3 күндік семинарға шақырады

Ұлттық стандарттау жөніндегі орган қашықтықтан оқыту форматындағы 3 күндік семинарға шақырады

«Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласында
қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру»

Тақырыптары:

Стандарттау саласындағы заңнама Метрология Сәйкестікті растау Техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау ЕАЭО елдеріндегі нарықты бақылау мен қадағалаудың заңнамалық негізі ЕАЭО шеңберінде КО/ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау Экспорттың басым елдерінде техникалық реттеу: Қытай, Иран, Түркия, БАӘ және Германия.

Семинарды:

Ұлттық стандарттау жөніндегі органның сарапшылары; техникалық реттеу және менеджмент жүйесі саласында жұмыс тәжірибесі бар шетелдік дәріскер; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жұмыс істеп жүрген сарапшы-аудиторлары; техникалық реттеу және метрология саласында жұмыс тәжірибесі бар мамандар, сондай-ақ стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің техникалық сарапшылары; менеджмент жүйесі саласындағы мамандар өткізеді.

Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдерін, кәсіпорындардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ зертханаларының (орталықтарының), салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, қауымдастықтардың, «Атамекен» ҰКП, жоғары оқу орындарының және т. б. мамандарын шақырамыз.

Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Өткізу күндері мен Институт филиалдарының байланысы:

Ұйымдастырушы семинарлар кестесіне өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.