Көкшетау қаласының әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетілді

Көкшетау қаласының әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетілді

Көкшетау қаласының әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетілді

Бүгін, 24 сәуір күні Көкшетау қаласының әлеуметтік осал топтары үшін 2 инватакси көлігінің кілттері сыйға тартылды.

Аталмыш іс-шара «Халық банкі» АҚ Ақмола облыстық филиалы өзінің жүз жылдығына орай «Жүз игі іс» масштабтық акциясы шеңберінде атқарылып жатқан қайырымдылық бастамалары арқасында жүзеге асып отыр.

«Біз ақпараттық технологиялар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз және қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы және заманауи қызметтерді ұсына отырып, уақытпен бірге алға қадам басуымыз керек. Жаңа инватакси таптырмас көмекші болатынына сенімдімін. Осы жобаны дамытуға өз күштері мен қаражатын салғандардың барлығына алғыс айтқым келеді» деді Көкшетау қаласының әкімі Б.Ғайса.

Жаңа автокөліктер гидравликалық ыңғайлы көтергіш құрылғымен жабдықталған және бекітілген орындықтары бар. Бұл азаматтарға әлеуметтік қажетті инфрақұрылым объектілеріне толық қол жеткізуге таптырмас мүмкіндік.

«Мен банкіміздің қала тұрғындарының бір бөлігі екенін мақтан тұтамын. Біз қаржы институты ғана емес, қоғам өмірінің белсенді қатысушысы болуға ұмтыламыз. Біз оны барлық тұрғын үшін жақсырақ етуге тырысамыз, сондықтан Банктің 100 жылдығына арналған «Жүз игі іс» акциясы аясында біз қалаға тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды тасымалдауға арналған арнайы инвотакси беру туралы шешім қабылдадық» деді өз сөзінде филиал директоры Даулет Топин.

Айта кетейік, Көкшетау қаласында мүмкіндігі шектеулі 347 адам тұрады. Бүгінгі күнге дейін оларды тасымалдау үшін 4 машина жұмыс істеген. Енді бұл көліктерге, жаңа заманауи модельді көліктермен толықтырылды.