Көкшетау қаласының тұрғындарының назарына

Көкшетау қаласының тұрғындарының назарына

🔹Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары!

2024 жылғы 1 мамырдан бастап сумен жабдықтау және ағынды суларды бұру қызметтеріне жаңа сараланған тариф жүргізіледі.
Осыған орай, сумен пайдаланатын абоненттердің нақты санын анықтау үшін, Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК сіздермен тұратын адамдардың саны туралы ақпаратты берулеріңізді сұрайды.
Сіздер, тұратын адамдардың саны туралы анықтаманы Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі «Egov.kz» сервисі арқылы онлайн ала аласыздар.
Ол үшін порталда ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы авторизациялану қажет. Әрі қарай, жеке кабинетке өтіп, «Мүлік» бөлімінде «тіркелген тұлғалардың тізімін көрсету/жасыру» опциясын таңдайсыз.
Анықтаманы Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК, бірінші қабаттағы абоненттік бөліміне немесе цифрлық коммуникацияның «iAqmola.kz» онлайн-сервисі арқылы ұсыну қажет.
📍Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 175 А
Жұмыс кестесі: сағат 8:30-18:00, үзіліс: сағат 12:30-14.00