📍Көкшетау қаласының су объектілерінің жай-күйі бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.

📍Көкшетау қаласының су объектілерінің жай-күйі бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.

Көкшетау қаласының әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік органдардың қатысуымен су тасқыны, Көкшетау қаласының көлі мен өзендерінің су қорғау аймақтарының экологиялық жағдайы мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.
Кеңесте облыстың уәкілетті департаменттері мен басқармалары, прокуратура, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Қопа көлінің, Шағалалы және Қылшақты өзендерінің экологиялық жай-күйін бұзылуы бойынша өзекті мәселелер қозғалды. Бұған қоса, су тасқыны және оған қарсы күрестегі міндеттерді шешу, жағалау сызығының жасыл аймақтарын қорғау, абаттандыру және салу мәселелері қарастырылып талқыланды.
Проблемаларды шешу жолдарын анықтау үшін Көкшетау қаласы әкімдігінің жанынан сараптамалық жұмыс тобы құрылатын болды.
Санитарлық және су қорғау аймақтарын орнату, өзендердің түбін тазарту және тереңдету, Қылшақты өзенін тазарту құрылыстарын салу, жаңбыр және еріген су ағынының жүйелерін жобалау, өзендер мен көл бойында демалыс және санитарлық қорғау аймақтарын жобалау, Қылшақты өзені мен Қопа көлінің жағалаулары мен арнасын заңсыз салу және басып алу бойынша бұзушылықтарды жою жоспарлануда.