Көкшетау қаласының әкімі Қаржыгерлерді кәсіби мерекемен құттықтады

Көкшетау қаласының әкімі Қаржыгерлерді кәсіби мерекемен құттықтады

Көкшетау қаласының әкімі Бауржан Ғайса қаржы және банк қызметкерлерін, 15 қараша - Ұлттық валютамыздың қолданысқа енген күнімен орайлас келген Қаржыгерлер күнімен құттықтады.

 "Биыл ұлттық валютамыз – теңгенің қаржы нарығында айналымға енгеніне сонау 1993 жылдан бастап 30 жыл толып отыр. Егемен еліміздің темірқазығына айналған ұлттық валютаның айналымға түсуі – қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды. Қаржы саласының қызметкерлері еліміздің әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыру, экономикалық өсімді ынталандыру сынды міндеттерді табысты шешумен айналысып келеді. Бүгінде мемлекет алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда қаржы секторының алар орны ерекше. Сондықтан болар, еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты. Осы мереке күні Сіздерге және сіздің отбасыларыңызға амандық, денсаулық, табыс және Отанымыздың гүлденуі үшін жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін! Сіздер барлық қаржылық жоспарларды жүзеге асыруға және аймақ пен елдің экономикалық әлеуетін арттыруға әрқашан күш салатыныңызға сенімдімін", деді өзінің құттықтау сөзінде Б.Ғайса.

Салтанатты жиында қаржы қызметінің ардагерлері, банк қызметкерлері мен мемлекеттік мекеме бухгалтерлері алғыс хаттармен марапатталды.