Жеңілдікті көлік карталарын беру туралы

Жеңілдікті көлік карталарын беру туралы

"Автомобиль көлігі туралы" Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес Көкшетау қаласындағы электрондық билеттеу жүйесінің операторы Көкшетау қаласының тұрғындарына жеңілдікті көлік карталарын берудің басталғаны туралы хабарлайды:

  1. 15 жастан 18 жасқа дейінгі тұрғындарға (жол ақысын 50% жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі, бұл 40 теңгеге тең);
  2. бірінші топтағы мүгедектігі бар тұрғындарға(тегін жол жүру).

Жаңа санаттағы көлік карталарын алу үшін "Kokshe Bus Tolem" ЖШС-не Б.Әшімов көшесі 243, 2-қабат мекенжайы бойынша хабарласып, өзімен бірге 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар санаты үшін, бірінші топтағы мүгедектігі бар тұрғындар үшін жеке басын куәландыратын құжаты, мүгедектікті растайтын тиісті құжаттары болуы қажет.

Сондай-ақ, 15 жастан 18 жасқа дейінгі санат жеңілдікті болып табылатындығына байланысты қала тұрғындары 15 жасқа толғаннан кейін 50% жеңілдікпен жеңілдікті одан әрі пайдалану үшін кеңсеге жүгінуі қажет екенін хабарлаймыз.