АНОНС

АНОНС

Көкшетау қаласының әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

Көкшетау қаласының әкімдігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында, 2023 жылғы мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша ағымдағы жылдың 14 сәуіріне дейін «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы Олжас Дәулетханұлы Тұрсынбаевқа келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады: 29-78-92.