2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап төлемдердің көлемі арттыруы туралы

2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап төлемдердің көлемі арттыруы туралы

Қазақстан Республикасының  2022 жылғы 01 желтоқсандағы «2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» № 163-VII Заңына сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • зейнетақының ең төмен мөлшерi – 53 076 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 24 341 теңге;
  • жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөріс  минимумының (КМ) шамасы – 40 567 теңге;
  • жалақының ең төмен мөлшерi – 70 000 теңге болып анықталған.

(теңге)

   2022 ж.01.04. мөлшері   2023 ж. мөлшері
зейнетақының ең төмен мөлшерi 48 032 53 076
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері 20 191 24 341
айлық есептіккөрсеткіш (АЕК) 3 180 3 450
күнкөріс минимумының шамасы (КМ) 37 389 40 567
жалақының ең төмен мөлшерi 60 000 70 000

2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5% -ға арттырылады.

2023 жылы жаңадан тағайындалған зейнетақылардың мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін  ең жоғары табыс 55 АЕК-тен аспауға тиіс (189 750 теңге).

Жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыстың 46 АЕҚ-тен 55 АЕК-ке дейін ұлғаюына байланысты, егер олардың орташа айлық табысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кезінде шектелген жағдайда зейнеткерлердің 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін болған зейнетақылардың мөлшері ұлғайтылды.Бұл ретте 55АЕК шегіндегі кірісті негізге ала отырып есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері алынатын мөлшерден 10,5%-ға жоғары болуы мүмкін емес.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес белгіленеді жаңа КМ мөлшеріне пайыздық қатынас. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған немесе болмаған кезде КМ шамасының 60 пайызы (54 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан асқан әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға ұлғайып, бірақ 100 пайыздан аспайды республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген КМ шамалары. Бұл жаңа және 2023 жылдың 1 қаңтарында өткен зейнеткерлерге қатысты.

Мүгедектік бойынша және асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы; 1-ші топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы КМ мөлшерінің 8,5%-ға өсуіне байланысты 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері; бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы; бала бір жарым жасқа толғанға дейін, оған күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы; арнайы мемлекеттік жәрдемақылар; бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқасымен марапатталған немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған және «1,2 дәрежелі Аналық Даңқы» орденімен марапатталған, көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы АЕК мөлшерінің 8,5%-ға өсуіне байланысты 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.

Барлық сұрақтар бойынша  әлеуметтік-еңбек саласындағы байланыс орталығына – 1414 «Азаматтарға арналған үкімет» қызметіне қоңырау шалуыңыз керек (тегін қоңырау).

«Азаматтарға арналған үкімет»МК»
КЕАҚ Ақмола облысы бойынша          
филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету  бойынша Көкшетау қаласының бөлімі.