Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының  9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «2023 жылға арналған Көкшетау қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысының жобасын  әзірледі.

Осы қаулының жобасы қазақ және орыс тілдерінде «Ашық НҚА» интернет-порталында қолжетімді. Қолданушылар 2022 жылдың 13 қазанынан бастап 2022 жылдың 27 қазанына дейін қаулы жобасымен танысып және өз пікірлерін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14259487 сілтемесі бойынша «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде қалдыра алады.