ПРЕСС-РЕЛИЗ (баспасөз хабарламасы)

ПРЕСС-РЕЛИЗ  (баспасөз хабарламасы)

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 27 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне орай,  қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттiк мекемесi «Көкшетау қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының шешімнің жобасын әзірледі.

Осы жоба қазақ және орыс тілдерінде «Ашық НҚА» интернет-порталында қолжетімді. Қолданушылар 2022 жылдың 14 қыркүйектен бастап 2022 жылдың 28 қыркүйекке дейін шешімінің жобасымен танысып, өз пікірлерін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14233376  сілтемесі бойынша «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімінде қалдыра алады.