ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 27 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне орай,  қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттiк мекемесi «Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының шешімнің жобасын әзірледі.
 Осы жоба қазақ және орыс тілдерінде «Ашық НҚА» интернет-порталында қолжетімді. Қолданушылар 2022 жылдың 19 шілдеден бастап 2022 жылдың 02 тамызға дейін шешімінің жобасымен танысып, өз пікірлерін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14156452 сілтемесі бойынша «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімінде қалдыра алады.