Ағымдағы жылдың 29 маусымында әкімдік ғимаратында қала әкімі Б.С. Ғайсаның төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысына мемлекеттік органдардың басшылары, Көкшетау қаласы полиция басқармасының, пробация қызметінің қызметкерлері және Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 4 мәселе және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 3 мәселе қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша, қала әкімі бірқатар тапсырмалар берді, оларды орындау бойынша жауапты орындаушылар тыңдалады.