2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы

2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы

Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлсiн.

2. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.

3. Осы Жарлық және «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.

4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.

5. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттiк органдарымен және жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесiп, республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

6. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президентi Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 мамыр

№ 888