ПРЕСС-РЕЛИЗ (баспасөз хабарламасы)

ПРЕСС-РЕЛИЗ (баспасөз хабарламасы)

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,, «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «2022 жылға арналған Көкшетау қаласында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысының жобасын  әзірледі.

         Осы қаулының жобасы қазақ және орыс тілдерінде «Ашық НҚА» интернет-порталында қолжетімді. Қолданушылар 2021 жылдың 16 қарашасынан бастап 2021 жылдың 30 қарашасына дейін қаулы жобасымен танысып және өз пікірлерін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13036748   сілтемесі бойынша «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде қалдыра алады.