Кәсіпкерлер назарына!!!

Кәсіпкерлер назарына!!!

Қазақстан Республикасының аумағында COVID-19 туындауына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысының 2020 жылғы 18 мамырдағы хаттамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде мониторингтік топтар құрды.

Олардың мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық, шектеу іс-шараларын сақтауына мониторинг жүргізу.

Мониторингтік топтардың іс-қимыл тәртібі ВАК-тың 07.12.2020 жылғы хаттамасымен бекітілген Алгоритммен айқындалған.

01.07.2021 жылы Алгоритмге InfoKazakhstan электрондық платформасында мониторингтік топтардың рейдтерін тіркеу бөлігінде толықтырулар енгізілді.

Осылайша, рейд басталар алдында мониторинг тобы InfoKazakhstan электрондық платформасындағы тиісті деректемелерді толтыру арқылы мониторингті алдын ала тіркеуді жүзеге асырады.

Бұдан кейін мониторингтің электрондық актісі қалыптастырылады, онда жүргізілетін рейдтің дұрыстығын мониторинг субъектісі тексеру үшін пайдаланылатын жасалған QR-код қамтылуға тиіс.

Мониторингтік топтың мүшелері объектіге барған кезде мониторинг тағайындау туралы басып шығарылған актіні ұсынады не оны смартфон (планшет) экранынан мониторинг субъектісіне көрсетеді.

Мониторинг субъектісіне мониторинг тағайындау туралы актінің бірегей нөмірі немесе QR-код бойынша InfoKazakhstan электрондық платформасында мониторингтің алдын ала тіркелгеніне көз жеткізу мүмкіндігі түсіндіріледі.

QR-кодты сканерлеп, аталған рейд шын мәнінде InfoKazakhstan электрондық платформасында тіркелгеніне көз жеткізуге, сондай-ақ мониторингтік топ мүшелерінің тізімін, мониторингтік топ тексеретін талаптарды көруге болады.

 

 

ҚР БП Құқықтық статистика және

арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

Ақмола облысы бойынша басқармасы