Заманауи кешен ашылды

Заманауи кешен ашылды

Көкшетау қаласының нысандар қатары тағы бiр есеге өстi. Өңiрiмiзде заманауи үлгiде салынған «Аспан» монша кешенiнiң ресми ашылуы өттi. Салтанатты ашылу шарасына қатысқан Көкшетау қаласының әкiмi Бауыржан Ғайса жұртшылық алдында сөз сөйлеп, қызметкерлерге сәттiлiк тiледi. Моншада барлық жағдайлар жасалған. Мысалы, ерлер мен әйелдер залы құрғақ тазалау және спортзал, парикмахер және балалар ойын алаңы орналастырылған. Үш жыл демалыс алған нысанда бүгiнгi таңда 45 адам жұмыс iстейтiн болады. Айта кететiн жайт, қала тұрғындары кешен орталығына қалаған күнi сағат 7.00-ден 22.00-ге дейiн бара алады. Оған қоса монша демалыссыз қонақтарға қызмет жасайтын болады. Демалыс орнында сауна және бассейн де орналасқан. Монша қызметкерлерi зейнеткерлер үшiн жеңiлдiк жасап, дүйсенбi және жұма күндерi аралығында 20% жеңiлдiк сыйлайды.

Айғаным ЕРБОЛҚЫЗЫ.