Тұрғындар баспаналы болды

Тұрғындар баспаналы болды

Өңiрде Тәуелсiздiктiң 30 жылдық мерейтойына арналған игi шаралар жалғасын табуда. Ақмола облысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы табысты жүзеге асырылып жатқандығын атап өтуге болады. Астана күнiн мерекелеу шеңберiнде Көкшетауда бес қабатты 30 пәтерлi тұрғын үйдiң кiлттерiн тапсыру рәсiмi өткiзiлдi. Жиын барысында құттықтау сөз алған Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев «Құрметтi жерлестер, қымбатты көкшетаулықтар, баршаңызды Астана күнiмен шын жүректен құттықтаймын. Жас елорданың мерекесi әрбiр қазақстандық үшiн маңызды. 23 жыл iшiнде елiмiздiң Астанасы экономикалық және мәдени орталыққа айналды. Мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға береке, қуаныш тiлеймiн. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын!», — деп жұртшылыққа жүрекжарды тiлегiн жеткiздi. Сарыарқа 9/10 мекенжайының жаңа тұрғындарына кiлт табыстау рәсiмi Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев пен Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары Уақыт Бейсембаевқа берiлдi. Тұрғын үй иелерiне ақсақалдар тарапынан бата айтылып, құттықтаулар жауды. Шара соңы мерекелiк концертпен жалғасын тапты.

Айғаным ЕРБОЛҚЫЗЫ.