Дәрiгерлер дәрiптелдi

Дәрiгерлер дәрiптелдi

Қала әкiмi Бауыржан Ғайса Медицина қызметкерлерi күнiне арналған салтанатты жиында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерiн кәсiби мерекелерiмен құттықтап, алғыс хаттар тапсырды.

Қала басшысы өзiнiң құттықтау сөзiнде денсаулық сақтау саласы көп деңгейлi, бәсекеге қабiлеттi ортада қарқынды дамып келе жатқандығын, емдеу мекемелерiнде әлемдiк деңгейде жасалатын оталарды жасау қолға алынғанын, кардиология, онкология, бала мен ана денсаулығын жақсарту, алғашқы медициналық көмек, жедел жәрдем қызметi бағытындағы жұмыстар мен жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету бойынша да өзге елдердiң медицинасымен иық тiресе алатындығымызды атап өттi.

Салтанатты шарада көпсалалы облыстық аурухананың урология бөлiмшесiнiң меңгерушiсi Абай Қасымов, «Авиценна» емдеу-профилактикалық мекемесiнiң кардиолог-дәрiгерi Қарлығаш Жахина, осы мекеменiң медбикелерi Марина Якель, Маргарита Енжиевская облыс әкiмiнiң алғыс хатымен марапатталды. Бұл күнi медицина саласының дамуына елеулi

үлес қосқан денсаулық саласының ардагерлерi Болат Сүлейменов, Тадеуш Янковский, Серiк Кәкеновке ерекше құрмет көрсетiлдi. Сондай-ақ, бiр топ медицина қызметкерлерi қала әкiмiнiң алғыс хатына ие болды.

Салтанатты шара соңы жергiлiктi өнер ұжымдарының бағдарламалық концертiне ұласты.

«Көкше-ақпарат».