Коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары

Коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары

Іргелес елдердегі эпиджағдайдың нашарлауына және «Дельта» штаммының алдын ала анықталуына байланысты бүкіл ел бойынша әрекет ететін бірқатар алдын ала шешімдер қабылданды

- қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар үшін COVID-19-ға қарсы вакцинациясыз жұмысқа шектеулер енгізіледі (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып жазылған адамдарды қоспағанда);

- коронавируске қарсы вакцинациялаудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакцинациялауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПЦР-тестілеу талабы енгізіледі;

- «Ashyq» жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба шеңберінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын жалғастыру үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып жазылған адамдарды қоспағанда)сауда нүктелерінің барлық персоналы мен жалға алушыларын вакцинациялау қажеттілігі бойынша талап енгізіледі;

- «Ashyq» жобасына СОО, СҮ және азық-түлік емес базарлар кіреді».

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов