Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі көшу туралы

Жаңа Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі көшу туралы

2020 жылдың 29-шi маусымында Мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк рәсiмдiк-процестiк кодексiне қол қойылған болатын, аталмыш кодекс 2021 жылдың 1-шi шiлдесiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Кодекс күшiне енген сәттен бастап Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңы күшiн жояды.

ҚР Әкiмшiлiк рәсiмдiк-процестiк кодексiн (бұдан әрi — ӘРПК) қабылдау мақсаты:

- басқарушылық қызметте конституциялық құндылықтарды жүзеге асыру (мемлекеттiк басқаруды конституцияландыру мақсаты);

- мемлекетпен қатынастарда азаматтардың жария құқықтарын iске асыру және қорғау (құқық қорғау мақсаттарын iске асыру құқығы);

- мемлекеттiк әкiмшiлiктiң тиiмдiлiгiн арттыру (мемлекеттiк басқарудың ұтымдылығының мақсаты);

- әкiмшiлiк құқықты жүйелеу (кодификациялық мақсат).

Осы Кодекс мемлекеттiк органдардың iшкi әкiмшiлiк рәсiмдерiн, әкiмшiлiк рәсiмдердi, сондай-ақ әкiмшiлiк сот iсiн жүргiзу тәртiбiн жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейдi.

Кодексте реттелетiн қатынастардың қатысушылары болып мемлекеттiк органдар, әкiмшiлiк органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар табылады.

Кодекс күшiне енген сәттен бастап азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау форматы толығымен өзгертiледi.

Азаматтардың өз құқықтарын қорғау үшiн процедуралық мүмкiндiктерi көбiрек болады. Мемлекеттiк органдар шешiмдер қабылдау және әртүрлi iс-әрекеттердi жүзеге асыру кезiнде осы құқықтар мен мүдделердi ескеруге мiндеттi болады.

Кодексте тыңдалу кепiлдiгi процедурасы енгiзiледi. Бұл өзiне қатысты әкiмшiлiк рәсiм жүзеге асырылатын адамның түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн өз ұстанымын бiлдiру мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.

Әкiмшiлiк рәсiмдiк-процестiк кодекстiң ережелерiне қатысты туындаған мәселелер бойынша азаматтар келесi телефондар арқылы хабарласа алады:

Мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi: 29-78-30