ҚР Мемлекеттiк қызметiстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi басшысының орынбасары Дархан Хайрулиннiң қатысуымен Көкшетау қаласы жергiлiктi атқарушы органдарының қызметкерлерi үшiн қызметтiк әдеп нормаларын бұзудың алдын алу бойынша семинар өткiзiлдi.
Iс-шара барысында Көкшетау қаласы жергiлiктi атқарушы органдардың Әдеп жөнiндегi уәкiлi Әшiрбеков Берiк ағымдағы жылдың өткен кезеңiнде атқарылған жұмысы туралы баян еттi. Атап айтқанда, мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп нормаларын, ұжымда жағымды психологиялық ахуалды сақтауы, мемлекеттiк қызметшiлер құқықтарын қорғау, азаматтарды және мемлекеттiк қызметшiлердi қабылдау жүргiзiлгенi баяндалды.
ҚР Мемлекеттiк қызметiстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi басшысының орынбасары Дархан Хайрулин мемлекеттiк органдарда Әдеп жөнiндегi уәкiлiнiң қызметi маңыздылығына және олардың өздерiне жүктелген функциялармен шектелмей, жеке қарым-қатынасы арқылы ұжымда қолайлы жағдай жасауға ықпал ету қажеттiлiгiн атап өттi.
Спикер жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлерiнiң азаматтар өтiнiштерiн қарауда, мемлекеттiк қызметтердi көрсету барысында, мемлекет мүлкiн тиiмсiз пайдалануда және жұмыстан тыс уақытта жол берген бұзушылықтарға тоқталып, мемлекеттiк қызметшi өзiнiң iс-әрекетiмен және мiнез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауы қажеттiгiн ескерттi.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң Әдеп кодексi талаптарын қатаң сақтауын қамтамасыз ету әрбiр мемлекеттiк қызметшiнiң мiндетi болып табылады.
Көкшетау қаласының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi тарапынан Әдеп кодексi талаптарын бұзған жағдайда Көкшетау қаласы әкiмi аппаратының 29-78-09 сенiм телефонына хабарлауға болады.