«Көкшетау қаласы қаржы бөлiмi» ММ 2021 жылғы 11 маусымда, сағат 11:00 www.gosreestr.kz мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiнiң веб — порталында Көкшетау қаласының коммуналдық меншiк объектiсiн сату бойынша электрондық аукцион өткiзiлетiндiгi туралы хабарлайды.
Коммуналдық меншiк объектiлерiн сату Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сауда-саттықтың бағаны көтеру әдiсiмен аукционға қойылады:
- Жалпы ауданы 1022,7 ш. м. гараж, орналасқан мекен — жайы: Көкшетау қаласы, Е.Әуелбеков көшесi, 124.
Бастапқы бағасы — 58 139 000 теңге. Аукционға қатысу үшiн кепiлдiк жарна — 8 720 850 теңге.