Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Бұланды ауданы әкімдігі конкурс өткізеді

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша Бұланды ауданы әкімдігі конкурс өткізеді

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі.

№п/п Жер учаскесінің орналасқан жері, жер учаскесінің лот № Жер учаскесі қандай мақсатқа беріледі оның ішінде Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы Жалпы аудаңы, га. Жалға беру мерзімі, жыл Алқаптардың құрамы,оның ішінде Топырақтың сапалық сипаттамасы, (ауыл шаруашылығы танаптары орташа балл бонитет) Сумен қамтамасыз етілуі
Егістік Жайылымдық
1 Карамышевка ауылдық округі әкімшілік шекарасында№ 1 ЛОТ Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 18905,0 га,20 жыл 18320,0 га 174,0 га -түбегейлi жақсартылған411,0 га – табиғи ( 52) топырақ типі оңтүстік қара топырақтар Суландырылмаған
2 Карамышевка ауылдық округі әкімшілік шекарасында№ 2 ЛОТ Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 314,0 га20 жыл 314,0 га   ( 54,3) топырақ типі оңтүстік қара топырақтар  
3 Карамышевка ауылдық округі әкімшілік шекарасында№ 3 ЛОТ Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 311,0 га20 жыл 311,0 га   ( 52,9) топырақ типі оңтүстік қара топырақтар  
4 Карамышевка ауылдық округі әкімшілік шекарасында№ 4 ЛОТ Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 497,2 га20 жыл 495,0 га 2,2 га – табиғи (51,9 ) топырақ типі оңтүстік қара топырақтар Суландырылмаған
5 Карамышевка ауылдық округі әкімшілік шекарасында№5 ЛОТ Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 380,0 га20 жыл 380,0 га   (51,5 ) топырақ типі оңтүстік қара топырақтар  
6 Карамышевка ауылдық округі әкімшілік шекарасында№ 6 ЛОТ Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 356,0 га20 жыл 343,0 га 13,0 га – табиғи ( 58,9) топырақ типі оңтүстік қара топырақтар Суландырылмаған
7 Карамышевка ауылдық округі әкімшілік шекарасында№ 7 ЛОТ Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 1151,7 га20 жыл 1137,0 га 14,7 га – табиғи ( 59,6) топырақ типі оңтүстік қара топырақтар Суландырылмаған
8 Карамышевка ауылдық округі әкімшілік шекарасында№ 8 ЛОТ Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 548,0 га20 жыл 548,0 га   (52,9 ) топырақ типі оңтүстік қара топырақтар  
9 Карамышевка ауылдық округі әкімшілік шекарасында№ 9 ЛОТ Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 240,5 га20 жыл   150,0 га -түбегейлi жақсартылған90,5 га – табиғи ( 65,7) топырақ типі оңтүстік қара топырақтар Суландырылмаған
10 Карамышевка ауылдық округі әкімшілік шекарасында№ 10 ЛОТ Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 614,0 га20 жыл 608,0 га 6,0 га – табиғи ( 54,6) топырақ типі оңтүстік қара топырақтар Суландырылмаған
11 Карамышевка ауылдық округі әкімшілік шекарасында№ 11 ЛОТ Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы 813,0 га20 жыл 813,0 га   (61,9 ) топырақ типі оңтүстік қара топырақтар  
12 Карамышевка ауылдық округі әкімшілік шекарасында№ 12ЛОТ Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы 1290,0 га20 жыл 1283,0 га 7,0 га – табиғи (56,0 ) топырақ типі оңтүстік қара топырақтар Суландырылмаған

 

 

ЕСКЕРТПЕ:

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

конкурсқа қатысуға арналған өтінім; 2) конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау міндеттемелер;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

 

 

 

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2021 жылғы 26 сәуірдін сағат 9:00 бастап 2021 жылғы 19 мамырдың сағат 18:30 дейін қоса алғанда аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс қорытындысы 2021 жылғы 20 мамырда, сағат 10:00 (конкурсқа қатысушылардың қатысуынсыз) жарияланады Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19, 3 қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша шығарылады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Бұланды ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарынан алуға болады, https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy?lang=kk немесе Тел.: 8 (716) 46-2-26-37, 2-25-84 Бұланды ауданының "Жер қатынастары бөлімі" ММ-сі.