Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға түсу үшiн құжаттар қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға түсу үшiн құжаттар қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы кемiнде 2 жылдық еңбек өтiлi бар барлық мемлекеттiк қызметшiлердi 2021-2022 оқу жылына грантқа түсуге шақырады!

Мемлекеттiк басқару академиясы — бұл қазiргi мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiби дамуы мен бiлiм алуына жауапты Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны. Академияның жұмысы мемлекеттiк аппараттың кадрлары мен кәсiби басқарушыларды даярлауға бағытталған.

Осы жылы Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға құжаттар қабылдау 5 маусымға дейiн www.apa.kz ақпараттық жүйесiнде магистратураның 7 бағдарламасы мен докторантураның 2 бағдарламасының бiрi бойынша онлайн форматта жүргiзiледi:

Магистрлiк бағдарламалар:

Оқу мерзiмi 1 жыл:

-MPA «Мемлекеттiк басқару»

-EMPA «Мемлекеттiк басқару» (өндiрiстен қол үзбей)

-MIR «Халықаралық қатынастар»

-EMBA «Iскерлiк әкiмшiлiк» (өндiрiстен қол үзбей)

-MRD «Өңiрлiк даму

Оқу мерзiмi 2 жыл:

-MPP «Мемлекеттiк саясат»

-ME «Экономика»

Докторлық бағдарламалар:

Оқу мерзiмi 3 жыл:

-DPA «Мемлекеттiк басқару»

-DIR «Халықаралық қатынастар»

Бiлiм беру бағдарламаларының толық тiзiмiн www.apa.kz сайтында «ОҚУҒА ТҮСУ» бөлiмiнен көруге болады.

Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға түсетiндер қабылдау комиссиясына келесiдей құжаттарды өткiзедi:

1.Өтiнiш;

2.Жоғары бiлiм туралы құжаттың көшiрмесi;

3.Мемлекеттiк тiлдi меңгеру туралы QAZAQ RESMI TEST немесе QAZTEST сертификаты (В1-ден кем емес);

4.Шет тiлiн меңгергендiгiн растайтын сертификат:

-Магистратура үшiн: IELTS немесе IELTS indicator (4.0-ден кем емес), TOEFL PBT (437-ден кем емес) немесе TOEFL IBT (41-ден кем емес), APTIS (B1/4.0-ден кем емес).

-Докторантура үшiн: IELTS немесе IELTS indicator (5.5-тен кем емес), TOEFL PBT (513-тен кем емес) немесе TOEFL IBT (65-тен кем емес), APTIS (B2/5.5-тен кем емес).

Ағылшын тiлi оқу тiлi болып табылатын шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында дәреже иеленген үмiткерлер аталмыш талаптан босатылады.

5. ҚР мемлекеттiк қызметшiлерi үшiн — қызметтiк тiзiм, шетелдiк үмiткерлер үшiн — кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парақ;

6.Мемлекеттiк органның жолдамасы;

7.Жазбаша жұмыстар:

-докторанттар үшiн — зерттеу жұмысының жоспары (research proposal),

-магистранттар үшiн талап етiлмейдi, себебi эссе жазу конкурстық iрiктеудiң бiрiншi кезеңi болып табылады.

Ағылшын және iскерлiк қазақ тiлi бойынша көрсетiлген сертификаттар болмаған жағдайда үмiткерлердiң құжаттарды тапсыру кезiнде www.apa.kz ақпараттық жүйесiнде 2021 жылдың 23 наурызына дейiн Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға түсу үшiн APTIS және Qazaq Resmi Test тесттерiн тапсырумен бiрге Pre-sessional курстарына жазылуға мүмкiндiктерi бар.

Pre-sessional курстары — бұл Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға түсудiң тиiмдi жолы. Онда оқу үрдiсiне интеграциялану үшiн қажеттi академиялық дағдылар мен бiлiмдi иеленуге болады. Бағдарлама конкурстық iрiктеу кезеңдерiнен өту үрдiсiнде және Академияда одан әрi оқу барысында қажеттi 3 тәуелсiз модульдi қамтиды:

1. Ұзақтығы 36 академиялық сағатты құрайтын академиялық хат жазу және көпшiлiк алдында сөз сөйлеу бойынша курстар;

2. Ұзақтығы 72 академиялық сағатты құрайтын ағылшын тiлiнiң курстары;

3. Ұзақтығы 36 академиялық сағатты құрайтын ресми-iскерлiк қазақ тiлiнiң курстары.

Курстар оқытушымен онлайн форматта, сондай-ақ бейнероликтер түрiнде өтедi, дайындықты Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерi, сондай-ақ шақырылған дәрiскерлер жүргiзедi. Pre-Sessional курстарына орын санының шектеулi болуына байланысты үмiткерлер Кiрiспе тесттен өтуi қажет, оның нәтижелерi бойынша топтар құрылады. Дайындық курстары электрондық шарт жасасып, төлем түбiртегiн қоса тiркеп, Академияның ақпараттық жүйесiнде онлайн тiркеуден өткен үмiткерлер үшiн қолжетiмдi болады.

Pre-sessional дайындық курстары, олардың құны мен контентi туралы толығырақ ақпаратты Академияның www.apa.kz сайтында «Оқуға түсу» бөлiмiнен, сондай-ақ Академияның әлеуметтiк желiлердегi парақшаларынан (Инстаграм — @apa.kz), (Facebook — Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan) #presessional2021 хештегi бойынша таба аласыздар.

Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға түсетiн мемлекеттiк қызметшiлер үшiн көптеген бонустар мен мүмкiндiктер бар екендiгiн атап өткен жөн:

-лауазымдық жалақы деңгейiндегi шәкiртақы;

-кәсiби және тұлғалық құзiреттiлiктердi арттыру;

-шетелде тағылымдамадан өту мүмкiндiгi;

-Академияда оқитындарға арналған жатақхана;

-Академияда оқу уақыты мемлекеттiк қызмет өтiлi ретiнде есептеледi;

-жұмыс орнының сақталуы;

Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға түсу үшiн құжаттар қабылдау 2021 жылдың 5 маусымына дейiн жүзеге асырылады. Қазақстан мен әлемнiң кез келген нүктесiнен онлайн форматта www.apa.kz сайтындағы «Оқуға түсу» бөлiмiнде құжаттарды тапсыруға болады.

Мүмкiндiктер шекарасын кеңейтiп, мемлекеттiк қызметшiлерге арналған Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орнында құзiреттiлiктерiңiздi арттырыңыздар!

Бейненұсқаулықтар:

Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға түсу үшiн құжаттарды онлайн форматта қалай тапсыруға болады? https://youtu.be/LP5pLIp64iE

Мемлекеттiк басқару академиясына оқуға түсу үшiн Pre-sessional дайындық курстарына қалай тiркелуге болады? https://youtu.be/x73yIuJ8J5A