«Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Көкшетау қаласының кәсiпорындары және ұйымдарымен бiрлесiп «Zoom» бейнеконференциясы арқылы «2021 жылға арналған «Еңбек»

«Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Көкшетау қаласының кәсiпорындары және ұйымдарымен бiрлесiп «Zoom» бейнеконференциясы арқылы «2021 жылға арналған «Еңбек»

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Көкшетау қаласының кәсiпорындары және ұйымдарымен бiрлесiп «Zoom» бейнеконференциясы арқылы «2021 жылға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасының жұмыспен қамтудың белсендi шараларын iске асыру (жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар және әлеуметтiк жұмыс орындары)» тақырыбында және Халықты жұмыспен қамту орталықтарының «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы қашықтықтан қызмет көрсету пилоттық жобасы туралы онлайн-кеңес өткiздi. Аталған онлайн-кеңеске 64 жұмыс берушi қатысты, олар «Еңбек» бағдарламасының жұмыспен қамтудың белсендi шараларын iске асыруға бiрнеше жылдан берi белсендi қатысып келедi.

Сөз соңында кездесу қатысушылары осы бейнеконференцияға қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап бердi. Сондай-ақ, ұйымдар Көкшетау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына өзара ынтымақтастық үшiн ризашылықтарын бiлдiрдi.