ӘМСҚ-да ШОБ субъектiлерiне МӘМС мәртебесiн алу үшiн қызметкерлер тiзiмiн өзектендiру туралы еске салады

ӘМСҚ-да ШОБ субъектiлерiне МӘМС мәртебесiн алу үшiн қызметкерлер тiзiмiн өзектендiру туралы еске салады

Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры 2021 жылғы 25 қаңтарға дейiн шағын және орта бизнес кәсiпкерлерi жеңiлдiктi санаттарына жататын өз қызметкерлерiнiң деректерiн (ЖСН) msb.fms.kz сiлтемесi бойынша "Saqtandyry" ақпараттық жүйесiне енгiзулерi тиiс екенiн еске салады. Уақытылы енгiзiлмеген жағдайда, қызметкерлер сақтандыру мәртебесiнiң болмауына байланысты МӘМС жүйесiнде медициналық көмекке жүгiне алмайды.

Соңғы деректер бойынша барлық ШОБ субъектiлерiнiң 35%-ы — бұл 378 мыңның 132 мыңнан астамы — ақпараттық жүйеде өз деректерiн әлi өзектендiрмеген.

Бұл процедураны шағын және орта бизнес өкiлдерi тұрақты түрде есептi айдан кейiнгi айдың 25-не дейiн жүргiзуi керек.

Естерiңiзге сала кетейiк, 2020 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2020 жылғы 30 қазандағы №721 Қаулысы шықты, құжатқа сәйкес жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ микро, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi жалдамалы қызметкерлер үшiн аударымдарды төлеуден 2021 жылғы 1 қаңтарға дейiн босатылған болатын.

Пандемия кезiнде "нөлдiк мөлшерлеменi" қолданған ШОБ тiзiмiне: сауда, көлiк және техникалық қызмет көрсету, бiлiм беру, медицина, туризм, мейрамхана-қонақ үй iсi, ойын-сауық саласы, бағдарламалық қамтамасыз ету, фитнес және т. б. субъектiлер кiрдi.