
Сіздерге мемлекеттік қызметтегі жекелеген бос лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігі бар екенін хабарлаймыз.
Негізгі талаптар:
Конкурс өткізілмей төмендегі лауазымдарға орналасуға болады:
1️⃣ облыс ауданы немесе облыстық маңызы бар қала әкімінің аппараты мен мәслихатының төменгі лауазымдарына (Көкшетаудан басқа);
2️⃣ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданы немесе облыстық маңызы бар қаланың атқарушы органындағы басшылық емес лауазымға (Көкшетаудан басқа);
3️⃣ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратындағы басшылық емес лауазымға;
4️⃣ орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына (Көкшетаудан басқа).
Ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақы төлеу, сондай-ақ тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру мүмкіндігі қарастырылған.
Егер бұл ақпарат сізді қызықтырса немесе толығырақ кеңес алғыңыз келсе, мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне @elgeqyzmet.aqmola жүгіне аласыз.
Мекенжайы: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, 3-қабат.
Байланыс телефоны: 8 (7162) 51-81-32.