Станционный кентінде тұрғындармен ашық диалог өтті

Станционный кентінде тұрғындармен ашық диалог өтті

Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында Станционный кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Ашық диалог барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, сумен қамту және денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.
Әсіресе денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді тұрақты бақылауда ұстап, сапалы шешу тапсырылды.
Тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыстар жалғасатын болады.