Әнуар Күмпекеев Сарыарқа шағынауданы, 14-үй тұрғындарымен кездесті

Әнуар Күмпекеев Сарыарқа шағынауданы, 14-үй тұрғындарымен кездесті

Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев Сарыарқа шағынауданына барып, Сарыарқа, 14 мекенжайы маңындағы үйлердің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аулаішілік жолдардың және іргелес аумақтың қазіргі жағдайы қаралды.

Тұрғындарға аталған аумақта жол жөндеу және абаттандыру жұмыстары биыл жүргізілетіні айтылды. Сонымен қатар қала әкімі Сарыарқа шағынауданын одан әрі дамыту жоспарларымен бөлісті. Алдағы уақытта мұнда тұрғындарға арналған заманауи қоғамдық кеңістік - саябақ, жаяу жүргіншілерге арналған серуен аймағы және шағын демалыс орны қалыптастыру көзделіп отыр.

Сарыарқа шағынауданын абаттандыру мәселесі қала әкімдігінің бақылауында. Негізгі мақсат - аумақты ретке келтіріп, тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру.