Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Көкшетау қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жұмыс тобының құрамында қатыса алады.

Қатысу мәселелері бойынша «Көкшетау қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Динара Абайқызы Рамазановаға 8 (7162) 29-78-30 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 1 мамырға дейін қабылданады.