«Садовое» теміржол саяжайларында жағдай өткен жылмен салыстырғанда тұрақтырақ: Көкшетау әкімі Әнуар Күмпекеев су тасқыны қаупі бар учаскелерді тексерді

«Садовое» теміржол саяжайларында жағдай өткен жылмен салыстырғанда тұрақтырақ: Көкшетау әкімі Әнуар Күмпекеев су тасқыны қаупі бар учаскелерді тексерді

Қала әкімі Әнуар Күмпекеев су басу қаупі бар учаскелерге жұмыс сапарымен барып, қорғаныс құрылыстары мен гидротехникалық нысандардың еріген қар суын өткізуге дайындығын тексерді. Қала басшысы «Садовое» теміржол саяжайларын және Қылшақты өзенінің арнасын аралап, жүргізілген жұмыстардың ауқымын жеке бағалады.
«Садовое» теміржол саяжайларын қарау барысында уақтылы жүргізілген дайындық пен алдын алу шараларының нәтижесінде елді мекендегі қазіргі паводок жағдайы өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда тұрақты екені атап өтілді — тұрғын аймақтарға жақын маңдағы су көлемі айтарлықтай азайған. Дегенмен, қала әкімі тұрғындардың қауіпсіздігі мәселесі әрдайым ерекше бақылауда екенін атап өтті.
Осы бағытта тексеру Қылшақты өзенінің арнасында да жүргізілді. Мұнда салалық қызметтер жағалауды тазарту және нығайту жұмыстарының барысы туралы баяндады. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Әнуар Күмпекеев жауапты мекемелерге су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді және кез келген жағдайға жедел әрекет ету үшін күштер мен құралдардың толық дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.