Жол маусымы басталды: Көкшетау әкімі Әнуар Күмпекеев негізгі учаскелерді тексерді

Жол маусымы басталды: Көкшетау әкімі Әнуар Күмпекеев негізгі учаскелерді тексерді

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Әнуар Күмпекеев көше-жол желісінің жағдайын тексеріп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жеделдету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Негізгі учаскелердің бірі – Домбыралы көшесі болды. Мұнда 2026 жылдың 2 сәуірден бастап Уәлиханов көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі аралықта ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер ұйым ретінде «РСУ-16» ЖШС анықталды.
Жалпы, жұмыс сапары аясында қаланың негізгі проблемалық учаскелері қамтылды – орталық көшелерден бастап, кірме жолдар мен шағын аудандардағы ішкі жолдарға дейін.
Тексеру қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстары жалғасатын көшелердің тізімі қалыптастырылды.
Атап айтқанда:
— Қуанышбаев, Пушкин, Алтынсарин, Әуезов, Ғабдуллин көшелері;
— Потанин, Вавилов, Вернадский көшелері;
— әлеуметтік нысандар мен шағын аудандарға апаратын кірме жолдар;
— жүктемесі жоғары бірқатар жол қиылыстары мен учаскелер.
Қала әкімі жұмыстардың сапасы мен мерзімі ерекше бақылауда екенін атап өтіп, жұмыс сапары барысында анықталған барлық проблемалық учаскелер кезең-кезеңімен нормативтік талаптарға сәйкес ретке келтірілетінін жеткізді.