Көкшетауда су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында жарылыс жұмыстары жүргізілуде

Көкшетауда су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында жарылыс жұмыстары жүргізілуде

2026 жылғы 16 наурызда сағат 11:00-де Қылшақты өзенінің Қопа көліне құяр сағасында, жаяу жүргіншілер көпірі маңында мұзды ұсақтау және босату мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шаралар су тасқынының алдын алу шаралары аясында жүзеге асырылып, мұз кептелісінің пайда болуына жол бермеуге және еріген қар суы мен тасқын сулардың кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Барлық жұмыстар арнайы қызметтердің қатысуымен белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүргізілді. Жарылыс жұмыстары барысында барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталды.
Жұмыстардың барысын Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев жеке бақылауына алып, мұзды ұсақтау жұмыстарының ұйымдастырылуымен және су тасқыны тәуекелдерінің алдын алу бағытында қабылданып жатқан шаралармен танысты.
Қала аумағындағы су нысандарының жағдайын бақылау және су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру жұмыстары жалғасуда.