18 жастағы көкшетаулық тұрғын референдумда алғаш рет дауыс берді

18 жастағы көкшетаулық тұрғын референдумда алғаш рет дауыс берді

Көкшетау қаласындағы Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті Асқар Батырбек республикалық референдумда алғаш рет дауыс берді.

12 наурыз күні ол 18 жасқа толды. Осылайша, кәмелет жасына толғаннан кейінгі алғашқы маңызды қадамдарының бірі – ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу болды.

Жас сайлаушының айтуынша, дауыс беру – әр азаматтың азаматтық жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам әрі ел болашағына өз үлесін қосудың бір жолы.

Айта кету керек, Көкшетау жастары қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысып, жоғары азаматтық белсенділік танытуда.