87 жастағы көкшетаулық тұрғын референдумда дауыс берді

87 жастағы көкшетаулық тұрғын референдумда дауыс берді

Көкшетау қаласының тұрғыны Тарасенко Зоя Лаврентьевна республикалық референдумға қатысып, №19 сайлау учаскесінде дауыс берді.

1939 жылы дүниеге келген Зоя Лаврентьевна жасы ұлғайғанына қарамастан, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардан ешқашан шет қалмай, белсенді азаматтық ұстанымын танытып келеді.

Оның айтуынша, дауыс беру — әр азаматтың жауапкершілігі әрі елдің болашағына өз үлесін қосудың бір жолы.

Аға буын өкілдерінің белсенді азаматтық ұстанымы – қоғамдағы жауапкершілік пен елжандылықтың жарқын үлгісі.