Көкшетау қаласында қала әкімі Әнуар Күмпекеев ұстаздарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Кездесу барысында білім беру саласында еңбек етіп жүрген педагогтердің жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды рөлі атап өтілді.
Қала әкімі ұстаздарға кәсібилігі, өз ісіне деген адалдығы және көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасыларына амандық және жұмыстарына табыс тіледі.