Өндірістегі инвестициялар: «Новопэк» өндірістік қуатын арттыруда

Өндірістегі инвестициялар: «Новопэк» өндірістік қуатын арттыруда

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Әнуар Күмпекеев өндірістік қуаттарды кеңейту жобасы жүзеге асырылып жатқан «Новопэк» кәсіпорнына барды.
Соңғы жылдары кәсіпорын өндірісті дамытуға белсенді түрде инвестиция салуда. 2026 жылы жабдықтарды жаңарту және өндіріс көлемін арттыру жоспарланып отыр.
Бүгінде кәсіпорында 900-ден астам адам еңбек етеді, ал шығарылатын өнім Қазақстан нарығына жеткізіліп, бірқатар шетел елдеріне экспортталады.