
2026 жылғы 15 наурызда Республикалық референдумның өтуіне байланысты Көкшетау қаланың әкімдігі сайлаушылар тізімдерін нақтылау және өзектендіру үшін Call-орталығы құрылғаны туралы хабарлайды.
Егер Сіз тізімдегі деректеріңіздің бар-жоғын тексергіңіз келсе, референдум учаскесінің мекенжайы мен нөмірін нақтылағыңыз келсе немесе референдумға қатысу тәртібі туралы қосымша ақпарат алғыңыз келсе, 8 (7162) 29-78-21, 8 (7162) 29-78-91, 8 (7162) 29-78-65 байланыс телефондар бойынша хабарласа аласыз.
Сондай-ақ, референдумның өз учаскесі туралы мәліметтер ресми сайтта онлайн-режимде қолжетімді: https://sailau.aqmola.gov.kz/?lang=ru
Қала тұрғындарынан өз деректерін алдын ала тексеруді және қажет болған жағдайда оларды уақтылы нақтылау үшін Call-орталыққа хабарласуды сұраймыз.