Көкшетауда Метрология мен менеджмент жүйелерін техникалық реттеу саласында қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынжша семинар аяқталды

Көкшетауда Метрология мен менеджмент жүйелерін техникалық реттеу саласында қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру бойынжша семинар аяқталды

20-22 қазан аралығында Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институтының Ақмола филиалы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес кәсiпорындар мен ұйымдардың түрлi деңгейдегi қызметкерлерiнiң кәсiби дағдылары мен бiлiктiлiк деңгейiн жетiлдiру мақсатында Техникалық реттеу бойынша семинар өткiздi.

Аталған семинар болашақта қызмет көрсетiлудi жақсарту үшiн барлық қажеттi құралдарды дұрыс және тиiмдi пайдалануға көмектеседi.

Бесiншi жыл қатарынан өткiзiлiп отырған iс-шараға мемлекеттiк органдардан, сынақ зертханаларынан, өнiмнiң, туризмнiң және Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының автомобиль жолдарының сәйкестiгiн растау органдарының өкiлдерi қатысты. Iс-шара жаңа қашықтық форматта алғаш рет өткiзiлдi.

Семинар шеңберiнде Қазақстан Республикасындағы стандарттау жүйесi, Еуразиялық экономикалық одақтағы стандарттау жүйесi, сондай-ақ метрология, техникалық реттеу саласындағы заңнаманың жаңалықтары қаралды. Қатысушылар сертификаттау, менеджмент жүйелерi саласындағы жаңа тәсiлдерiмен және КО/ЕАЭО техникалық регламентiн қолдану ерекшелiктерiмен, өнiмнiң сәйкестiгiн бағалау бөлiгiнде Еуразиялық экономикалық одақтың шарттық-құқықтық базасының негiзгi ережелерiмен, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерiнiң талаптарымен, туризм және автомобиль жолдары қызметтерi бағыттары бойынша техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттiк бақылау (қадағалау) бөлiгiнде танысты.

Тыңдаушылар алдында туризм және автомобиль жолдары саласындағы жетекшi сарапшылар, сарапшы-аудиторлар сөз сөйледi. Семинар барысында тыңдаушылар пiкiр алмасып, белсендi түрде сұрақтар қойды, оларға жауаптарды техникалық реттеу саласындағы практикалық қызметтi жүзеге асыруға айтарлықтай көмектеседi.