Қалалық ардагерлер ұйымының ХІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Қалалық ардагерлер ұйымының ХІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

2026 жылғы 17 ақпан күні қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық ардагерлер ұйымының ХІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Делегаттар атқарылған жұмыстар туралы есепті тыңдап, қалалық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамын және тексеру комиссиясын сайлады, сондай-ақ облыстық конференцияға делегаттар таңдады.
Іс-шара барысында қала әкімі қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін ардагерлер қозғалысының белсенді өкілдерін алғыс хаттармен марапаттады.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Шияп Шәрәпұлы Әлиев қайта сайланды.