Жылжымайтын мүлік саласында көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтер тізімі кеңейтілді

Жылжымайтын мүлік саласында көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтер тізімі кеңейтілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярдың 2025 жылғы 6 қаңтардағы бекітуімен қабылданған 2025–2029 жылдарға арналған «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – БМЖМК АЖ) дамыту жөніндегі Жол картасының 1.8-тармағын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 19 қаңтарда БМЖМК автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – БМЖМК АЖО) жылжымайтын мүлік саласында үш мемлекеттік қызметтің іске қосылғанын хабарлайды:
1) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту»;
2) «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту»;
3) «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату».
Аталған мемлекеттік қызметтер «электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш беруге қолжетімді.
Мемлекеттік қызметтерді алу үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаның болуы қажет.